Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысындағы президент резиденциясы балаларға беріледі

Қостанай облысындағы президент резиденциясы балаларға беріледі деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Өңірде мүмкіндігі шектеулі балалар президенттің бұрынғы резиденциясында оңалтудан өтеді. Ол резиденция Амангелді ауылының тұрғын алабында орналасқан.

"Жұмыс тобы психоневрологиялық патологиясы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған облыстық резиденция базасында оңалту орталығын ұйымдастыру туралы шешім қабылдады. Жаңа орталық денсаулықты жақсартуға және әлеуметтік оңалтуға бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін көрсететін болады. Енді оңалту мерзімі 14 күннен 21 күнге дейін ұзартылады", - деп хабарлады Қостанай облысының әкімдігі.

Талқылау