Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысындағы полиция басшылары есірткі дауынан кейін қызметтерінен босатылды

Қостанай облыстық полиция департаментінің бірнеше жоғары лауазымды басшылары есірткі тарату ісіне байланысты қызметінен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tobolinfo сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

 Қызметкерлердің бірнешеуі өз еркімен жұмыстан шықты.
Қостанай облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Алексей Милюктың айтуынша, қызметтік тергеу нәтижелері бойынша біршама қызметкер лауазымынан босатылды. Олар:

  • Облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлмағамбетов;
  • Облыстық ПД ППБ бастығының орынбасары Қартбаев;
  • Қостанай полиция басқармасының бастығы Базарбаев;
  • Қостанай ҚП бастығының орынбасары Шұбаев;
  • Қостанай ҚП МББ бастығы Атығаев.

"Қостанай облыстық ПД бастығының орынбасары Ынтымаевты, облыстық ПД кадр саясаты басқармасының бастығы Дүйсебаевты атқарған қызметінен босату туралы баянат берілді", –  деп толықтырды Алексей Милюк.
Атап өтілгендей, үш полиция қызметкерінің үстінен іс қозғалды.

Қылмыстық құқық бұзушылық жасау фактісі бойынша Қостанай облыстық ПД қызметкері Амзе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Бұл аймақтағы бірінші жағдай емес. 2014 жылдың 20 қаңтарында есірткі сатумен байланысты қылмыстар жасауда патронат болған 10 полиция қызметкері төрт жылдан 16 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

2023 жылдың 5 мамырында Қостанай облыстық ҰҚКД және ПД ҰҚК қызметкерлерінің бірлескен операциясының нәтижесінде Қостанайда синтетикалық есірткі таратуға күдікті полиция қызметкері ұсталды. Осы факті бойынша ҚК 297-бабының 3-бөлімі “Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу” бойынша көзделген сотқа дейінгі тергеу басталды.

Талқылау