Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысындағы ауруханалар науқастарға арналған дәрі-дәрмекті несиеге алады

Қостанай облысындағы ауруханалар науқастарға дәрі-дәрмек пен азық-түлікті несиеге алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

43 мемлекеттік медициналық ұйымның 16-сының қаржылық жағдайы қиын. Аруханалар кредиторлық берешекке байланысты қарызға батқан. Барлығы 3 миллиард 200 миллион теңгені құрайды. Негізінен бұл дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізушілерге төленбеген шоттар.

Мамандардың айтуынша, медицина қызметкерлерінің жалақысының жыл сайын көтерілуі ақша тапшылығына әсер еткен. Қазір медициналық ұйымдарда қызмет көрсетуге бөлінген ақшаның 60-тан 98 пайызына дейін еңбекақы төлеу қорына тиесілі.

"Біз төлейтін медициналық көмек көрсету тарифтері жалақыны жыл сайын өсіруді қарастырады. Бірақ, өкінішке орай, бюджет шектеулі, сондықтан инфляция деңгейіне тарифтің өсуі байқалмайды. Қор тарапынан біз қосымша қаражат алдық, шамамен 2,5 млрд теңге. Ол медициналық қызметтерді сатып алу рәсімдеріне сәйкес медициналық қызмет көрсетушілерге бер3етін болады", – деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының директоры Батырбек Нұрғалиев. 

Талқылау