Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

5 бала көз жұмған Жітіқарадағы өрт: Облыс әкімі мәлімдеме жасады

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Жітіқарадағы өрттен бес бала қаза тапқан қайғылы оқиғаның мән-жайын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Наша Газета басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Коллаж Stan.kz 

Облыс басшысы Жітіқарадан келіп, Рудный қаласының тұрғындарымен кездесуінде болған жайтқа қатысты пікір білдірді.

"Енді комиссия тексереді. Біз қазір осындай қайғылы оқиғалардың алдын алуы тиіс болған қызметтер өз міндетін атқарды ма, жоқ па, тексеріп жатырмыз. Біріншіден, есепте тұрған отбасыларды газ анализаторларымен жабдықтауымыз керек. 2019 жылы ол үйге газ анализаторы орнатылған. Ол жұмыс істеп тұрған", – деді Ақсақалов.

Оның айтуынша, жылына екі рет және жылыту маусымы басталғанға дейін міндетті түрде төтенше жағдайлар қызметінің мамандары бұл құрылғыларды тексереді. Олар тамыз айында ғана осы үйді тексерген екен.


“Әкесі түрмеде”: Қостанай облысында тірідей өртеніп кеткен бес баланың отбасына қатысты деректер айтылды


"Бірақ, баланың айтуынша, бірдеңе өртеніп кеткен. Барлық мән-жайды комиссия анықтап жатыр. Өкінішке қарай, осындай қайғылы оқиға орын алды. Кешірім сұраймыз", – деді облыс әкімі.

Әкім отбасыға көмек көрсетілетінін айтты.

"Бүгін немесе ертең барлық қажетті құрал-жабдықтары бар тұрғын үй сатып алынады, бір-екі күнде жасаймыз", – дейді Құмар Ақсақалов.

Облыс әкімінің айтуынша, зардап шеккен отбасы бұрын атаулы әлеуметтік көмек алушы ретінде есепте тұрған.

"Өкінішке қарай, балардың әкесі түрмеде, анасы қаладағы дүкендердің бірінде жұмыс істеген", – деді Ақсақалов. 

Еске салсақ, бұған дейін Қостанай облысында үйден өрт шығып, бес бала тірідей жанып кеткені туралы жазған едік. Өртке оранған үйде 13, 8, 6, 7, 2, 1 жасар бес бала қалып қойған. 13 жастағы бала зардап шекпеген. Бас прокурор өрттің шығуына пештің қараусыз қалуы себеп болғанын айтты. Көз жұмған 5 баланың анасының үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Талқылау