Қостанай облысында жоғалып кеткен жасөспірім үш күн бойы қаңырап қалған үйде тұрып келген
Қостанай облысында үш күн бұрын із-түссіз жоғалып кеткен жасөспірім қыз табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Полицейлер бойжеткенді өзі тұратын Валерьяновка ауылының маңындағы бос үйден тапты. Атап өтілгендей, оның жағдайы жақсы, ата-анасына тапсырылды. Полиция басқа мәліметтерді хабарлаған жоқ.
Айта кетейік, 14 жастағы Анна Карпенко 9 қыркүйекте үйінен шығып, содан қайта оралмаған. Полиция қызметкерлерімен бірге жасөспірімді іздеуге еріктілер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылыпты.
Алматы облысында із-түзсіз жоғалған жасөспірім өлі күйінде табылды
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”