Қостанай облысында жеті жасар бала түсініксіз жағдайда көз жұмды
Жеті жасар бала үйдің ауласында алған жарақаттардан кейін көз жұмды. Оқиға Қостанай облысының Амангелді ауылында болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бала 17 мамырда басынан жарақат алып, облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды "Алау" облыстық басылымы. Бала ес-түссіз болды.
"Оған ауыр бас жарақаты диагнозы қойылды. Бас сүйектері сынған. Эпидуральды гематома. Кома. Нейрохирургиялық ота жасалды. Өкінішке орай, біз баланы құтқара алмадық. Жарақаттың мән-жайын білмейміз", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Дәрігерлердің айтуы бойынша, бала бір күннен кейін есін келместен, реанимацияда көз жұмды.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ