Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында өрт кезінде 5 баласынан айырылған отбасыға пәтер берілді

Қостанай облысында үйі өртеніп, бес баласынан айырылған отбасыға пәтер берілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Қостанай облысы әкімдігінің мәліметінше, Жітіқарадағы жеке үйдегі өртте бес кішкентай баласынан айырылған отбасыға қажетті психологиялық, құқықтық және материалдық көмек көрсетілген.


“Әкесі түрмеде”: Қостанай облысында тірідей өртеніп кеткен бес баланың отбасына қатысты деректер айтылды


"Жерлеу рәсімі ұйымдастырылып, жергілікті бюджеттен 100 АЕК көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек берілді, білім беру бөлімінің қоры есебінен 100 АЕК көлемінде төлем беру жоспарлануда. Қаладағы екі ірі кәсіпорының бастамасымен отбасыға екі бөлмелі пәтер сатып алынды", – делінген әкімдік хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін Қостанай облысында үйден өрт шығып, бес бала тірідей жанып кеткені туралы жазған едік. Кейіннен өрт кезінде балалардың анасының достарына қонаққа кеткені, ал әкелерінің түрмеде екені анықталды. 5 баланың анасының үстінен қылмыстық іс қозғалды. 

Талқылау