Қазақстанда дәрігерлер жатырын алып тастаған әйел дені сау сәби дүниеге әкелді
Жеті жыл бұрын жатырын алып тастаған әйел дені сау сәби дүниеге әкелген. Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы. Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы ерекше жағдай туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жеті жыл бұрын Қостанай облысы ауылдық окургінің тұрғыны денсаулығына байланысты жатырын алып тастауға мәжбүр болған. Дегенмен уақыт өте әйел жүкті болып, дені сау сәби дүниеге әкелді.
“Әйелдің ағзасында ауытқулар болып, жатырдан қан кетіп, органы жойылды. Дегенмен уақыт өте келе сирек процестің арқасында жатырдың ағзада қалып қойған кейбір бөлігі дамып қайта қалпына келіп, жүктілік басталған. Ең бастысы, жүктілік кезеңі сәтті аяқталды”, – деп түсіндірді департамент.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"