Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда 52 жастағы әйел тұңғышын босанды

Атырауда 52 жастағы әйел алғаш рет ана атанды. Ол кесарь тілігі жолымен ұл баланы дүниеге әкелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ATPress.kz-ке сілтеме жасап.

19 қаңтар күні әйел Атырау облыстық перинаталдық орталыққа түсті. Оған шұғыл түрде ота жасалып, ұл бала дүниеге келді. Жаңа туған сәбидің салмағы 3 келі 70 грамм, бойы - 51 сантиметр. 

Қазіргі уақытта анасы мен баласының жағдайы жақсы, үйге шығарылған. Облыстық перинаталдық орталықтың баспасөз қызметіндегілер әйелдің ұзақ уақыт бойы табиғи жолмен бала көтере алмағанын атап өтті. Жасанды ұрықтандырудың арқасында ол жүкті болып, көптен күткен перзентін бауырына басты. 


"Мүгедек болып қалды": Түркістанда дәрігерлер 21 жастағы келіншектің жатырын рұқсатсыз алып тастаған


Айта кетейік, 2020 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев "Аңсаған сәби" бағдарламасын іске қосу туралы тапсырма берді. ЭКО бойынша берілетін квотағы 7 есеге дейін арттыру бойынша міндет қойылды. 

Талқылау