Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында үйі өртенгендерге 500 мың теңгеден алғашқы көмек көрсетіледі

Үйлері өртеніп кеткен Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы 91 отбасыға алғашқы көмек ретінде 500 мың теңгеден беріледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы "Қайырымдылық KZ" қорының өкілі Гүлмира Амангелдіқызы мәлім етті.

"Қазіргі таңдағы ақпарат бойынша қорға 697 600 000 теңге түсті. Қаражат бірінші кезекте өрттен зардап шеккендерге бағытталады. Бүгін біз үйлері толық өртеніп кеткен 91 отбасыға алғашқы көмек ретінде 500 мың теңгеден беру туралы шешім қабылдадық. Ескертейін, бұл алғашқы және соңғы көмек болмайды. Зардап шеккендер қажетіне жарату үшін оларға ұсынылып жатқан бастапқы көмектің бірі. Қалған қаражат арнайы құрылған комиссияның шешіміне сәйкес бөленеді", - деді қордың өкілі.

Талқылау