Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысының тұрғындары қыз ұзату мен беташар ұйымдастырған

Қостанай облысының тұрғындары елдегі қатаң карантинге қарамастан той ұйымдастырып келгені анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

той

Қостанай облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

"Департаменттің және аумақтық басқармалардың мамандары дәріханаларға да мониторинг жүргізеді. 128 нысан тексеріліп, 26 дәріхана заң бұзғаны анықталды. 4 382 295 теңге болатын 26 айыппұл салынды. 95 азық-түлік дүкені, 5 жанармай стансасы, 2 шаштараз, 2 тұрмыстық техника дүкені, 3 қоғамдық көлік, 3 шина жөндеу пункті, 1 асхана, 3 кафе, 3 авто және а/ш қосалқы бөлшектері дүкені,1 ТҚС карантин талаптарын сақтамаған. Жітіқара ауданында карантин белгіленген уақыттан бері "Гүлдер" дүкенінің жұмыс істегені анықталды", - делінген ресми хабарламада.

Бұған қоса ауыл тұрғындары карантинді елемей той-томалық ұйымдастырып келген. 

"Ә.Жангелдин ауданында үш ауылдық округте қыз ұзату, беташар рәсімдері өткізілген. Жеке тұлғаларға 41 600 мөлшерінде айыппұл салынды. Мониторинг жұмыстары жалғастырылуда", - деп қосты.

Еске салайық, еліміздегі қатаң карантин шаралары тағы екі аптаға созылған еді. 
 

Талқылау