Қостанай облысында тергеуші полицейді көлік қағып кетті
Қостанай облысы Қарасу ауданында 33 жастағы полицей әйел қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жол апаты 6 қараша күні Қарасу ауылында болды. Полицияда 6 жыл қызмет еткен 33 жастағы Светлана Исаеваны көлік қағып кеткен.
"33 жастағы LADA Granta көлігінің жүргізушісі полиция қызметкерін қағып кетті. Тәртіп сақшысы жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан. Ауыр жарақат салдарынан полиция капитаны Исаева Светлана ауруханада көз жұмды", - делінген облыстың ПД хабарламасында.
Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Тергеушінің жұмысынан үйіне келе жатқаны анықталды. Осы дерек бойынша да қызметтік тергеу басталды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”