Қостанай облысында сұмдық жол апатынан үш бала көз жұмды
Қостанай облысында екі көлік соқтығысып, салдарынан үш бала көз жұмды, тағы екі ересек жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға сенбі күні Қостанай - Қарабұтақ тас жолында орын алған. 36 жастағы Renault Sandera көлігінің жүргізушісі жолдағы жүк көлігін озбақшы болып, қарсы бетке шыққанда Lexus көлігімен соқтығысқан.
Жол апаты нәтижесінде Renault көлігінде отырған үш кәмелет жасына толмаған бала көз жұмды. Бұған қоса, көлік жүргізушісі мен жолаушысы жарақат алған.
Қазіргі таңда аталған оқиға бойынша "Жол ережелерін бұзу бабы бойынша" қылмыстық іс қозғалған. Бұл бап бойынша кінәлі деп табылған азамат бес жылдан он жылға дейін сотталуы мүмкін.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”