Қостанай облысында сібір жарасы тарап жатыр: Әкімдік пікір білдірді
Желіде Қостанай облысында сібір жарасы тарап жатыр деген ақпарат жүр. Қарасу ауданының әкімі осыған орай пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Алау порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Қарасу ауданының әкімдігі, сондай-ақ Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы, "Қарасу ауданының ветеринариялық станциясының" мемлекеттік кәсіпорны да бұл деректі растамай отыр. Айтуларынша бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Бұл ретте Төтенше жағдайлар қызметі бұл фактінің Ақмола облысында тіркелгенін атап өтті.
“Жарқайың ауданы, Үшқарас ауылынан 10 адам сібір жарасына күдікпен Есіл ауданы Есіл қаласындағы аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Жеті адамда диагноз расталды (жағдайы орташа ауырлықта). Эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілуде”, – делінген ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 29 тамыздағы хабарламасында.
Талқылау