Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында салмағы 6 келіден асатын алып бала өмірге келді

Қостанай облысында салмағы 6,1 келі, бойы 57 сантиметр болатын нәресте дүниеге келді.

Нәресте Рудныйдағы қалалық көп салалы ауруханада 1 қазанда дүниеге келді. Нәрестеге Елжан деген есім берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Алауға сілтеме жасап.

Рудный қалалық көп салалы ауруханасының акушерлік-гинекологиялық бөлімінің меңгерушісі Людмила Тулебаева айтқандай, өзінің көп жылдық тәжірибесінде мұндай көп салмақтағы баланы бірінші рет көрген.

«Салмағы 5800 грамм, 5900 грамм болған балалар өмірге келді, бірақ одан көп салмақтағы баланы көрген жоқпын. Бұл отбасындағы төртінші бала. Алғашында баланың алып екені анықталды. Сондықтан кесарево отасы жасалды», - дейді Людмила Тулебаева.


Түркістан облысында 23 жастағы келіншек 6 баланың анасы атанды


Ананың айтуы бойынша, босану асқынусыз жүрді, бірақ қиын болған.

«Мен баламның үлкен болатынын білдім, бірақ соншалықты алып болады деп ойламадым. Алғашында маған ұлымның салмағын айтқан кезде сенбедім. Бірінші балалардың салмағы бес келіге жетпеген еді. Бірінші бала - 3800 грамм, екіншісі - 3890 және үшіншісі 4670 грамм салмақпен туды», - деді 35 жастағы Динара Ержанова.

Талқылау