AAPL
171.52 $
-1.51 %
TSLA
890 $
-2.05 %
NDAQ
187.11 $
-2.61 %
GOOGL
117.21 $
-2.46 %
FRHC
56.65 $
-3.23 %
AAPL
171.52 $
-1.51 %
TSLA
890 $
-2.05 %
NDAQ
187.11 $
-2.61 %
GOOGL
117.21 $
-2.46 %
FRHC
56.65 $
-3.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында пойыз бен жеңіл көлік соқтығысты

Қостанай облысындағы Притобольская станциясының реттелетін темір жол өткелінде пойыз бен жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді. Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер де бар. 

"11 шілде сағат 14:35-те Қостанай облысының Тобыл - Құсмұрын учаскесіндегі Притобольская станциясының реттелетін темір жол өткелінде жол-көлік оқиғасы болды. Куәгерлердің айтуынша, "Жигули" маркалы жеңіл көлік жүргізушісі тоқтап тұрған автоларды айналып өтіп, темір жолға шыққан. Бұл кезде жүк пойызы келе жатқан. Апаттан зардап шеккендер бар. Оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр. Пойыз сағатына 57 км жылдамдықпен жүріп келе жатқан. Өткелдегі белгі беру құрылғысы дұрыс жұмыс істейді", - делінген баспасөз мәлімдемесінде.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-да оқиғаның себептері мен мән-жайларын тексеру үшін комиссия құрылды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр