Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында полицейлер үйлену тойының үстінен түсті

Қостанай облысы Рудный қаласында карантин кезінде мейрамханада той өткізілген. Мониторинг тобы іс-шараның үстінен түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицейлер Рудный қаласындағы "Керуен" тойханасына барып, үйлену тойын тоқтатқан.

Мейрамхана әкімшілігі аймақта енгізілген карантин шараларына қарамастан қонақтарды қабылдаған. Тойға 30-дан астам адам жиналған. Енді тойхана иесі мен мереке иелеріне ҚР ӘҚБтК 425-бабында көзделген айыппұл салынады.

"Полиция жинаған материалдарды ары қарай шешім қабылдау үшін Рудный қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырды. Рудный қаласының полиция басқармасы карантинді бұзғаны үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 230 АЕК дейін, орта кәсіпкерлікке — 310, ірі кәсіпкерлікке — 1600 АЕК дейін айыппұл салынатынын еске салады", - деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 21 Желтоқсан, 2020 07:33
Талқылау