Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында полицейлер қылмысты қайтыс болған адамның мойнына ілген - Бас прокуратура

Бас прокуратура кісі өлтіру ісін полиция жалған тергегенін анықтады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аталмыш қылмыс 30 жыл бұрын Қостанай облысында жасалған.

1990 жылы Қостанай облысының Федоров ауданында бір әйел өлтірілді. Қылмысты ашу мүмкін болмағандықтан, іс мұрағатқа жіберілді.

2022 жылы, яғни 32 жылдан кейін аудан полициясы кісі өлтірушіні анықтау және тергеуді аяқтау туралы хат жазды. Ж. кінәлі деп танылды, яғни ол өз кінәсін мойындаған делінді. Содан соң іс күдіктінің қайтыс болуына байланысты тоқтатылған.

"Алайда Ж. кінәсін мойындағанға дейін 5 жыл бұрын қайтыс болды. Нақтырақ айтсақ, ол кінәсін мойындамады, қылмыс жасаудағы кінәсі қылмыстық іс материалдарымен дәлелденбеген", – деп хабарлады Бас прокуратура.

Осылайша, полиция қызметкерлері ашылу көрсеткіштерін көбейту мақсатында қылмыстық заңнаманың негізгі қағидаттарын бұзды. Прокуратура марқұм азаматты кінәлі деп тану туралы барлық іс жүргізу шешімдерінің күшін жойды. Тергеуді ұйымдастыру басқа органға жүктелді. Ал кінәлі полицейлер жауапқа тартылады.

Талқылау