Қостанай облысында патрульдік көліктің қатысуымен болған апаттың видеосы жарияланды
Полиция қызметтік көліктің қатысуымен болған баланың өліміне әкеліп соқтырған апаттың видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Stan.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
4 жасар бала қайтыс болған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу барысында полиция жақын жерде болған «Арагви» кафесінің бақылау камераларынан бейнені зерттеп жатыр.
Жол-көлік апаты кеше Қостанай-Рудный жолының 10-шы шақырымында болған.
Патрульдік көлік сол жолдың 17-ші шақырымында болған көлік апатына қарай бара жатқан. Ол жерде екі адам көз жұмған көлік апатын орын алған.
Жарқылдаған маяктармен апат орнына бара жатқан қызметтік көлік ВАЗ-2115 көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 4 жасар бала қайтыс болды. 12 жастағы жасөспірім мен әйел - көліктің жолаушылары зардап шекті, полиция қызметкері де жарақат алды.
Қостанай облысының ПД-де қызметтік көліктерде апатқа ұшыраған қызметкерлерге қатысты қызметтік тексеру басталды. Қылмыстық істі тергеу аясында сараптама тағайындалды.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
