AAPL
171.52 $
-1.51 %
TSLA
890 $
-2.05 %
NDAQ
187.11 $
-2.61 %
GOOGL
117.21 $
-2.46 %
FRHC
56.65 $
-3.23 %
AAPL
171.52 $
-1.51 %
TSLA
890 $
-2.05 %
NDAQ
187.11 $
-2.61 %
GOOGL
117.21 $
-2.46 %
FRHC
56.65 $
-3.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында өндірушілер бірыңғай мектеп формасын биыл енгізуге қарсылықтарын білдірді

Қостанайда өндірушілер еліміздің аймақтарында жаңа оқу жылынан бастап күшіне енетін бірыңғай мектеп формасын енгізуге қарсы. Олар бұрын тігілген, бірақ биліктегілердің тұрақты жауабы болмаған соң сатылымға әлі шықпаған киімдердің бар екенін ескертіп, бұндай шешімге әлі дайын емес екендерін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

Нұр-Сұлтанда мектеп оқушылары қара көк түсті киім киетін болады. Ал Қостанай облысында әзірге бұл ұсыныс ретінде айтылған. Алайда өндірушілер бүкіл аймаққа арналған мектеп формасының бірыңғай үлгісіне қарсы. Көбісі оны ақпан айынан бастап тігуді бастаған. Бірақ түрлі жауаптарға байланысты олар әлі бірде бір жиынтықты сатпаған. Олар білім басқармасынан ата-аналар комитетінің бекіткенін күтіп, бірыңғай стандартқа кейін көшуін сұрайды.

“Нұр-Сұлтанда бұндай шешім шығару үшін екі жылдай дайындалып, бірте-бірте ауысып отыр. Ал бізде бір аптада бірыңғай формаға өту деген мүлдем дұрыс емес. Біз барлығын тігіп, дайындап қойып күтіп отырмыз. Әлі бірде-бір сарафан өткен жоқ. Жаңа форма болса, тігілген киімдерді қайда жібереміз. Өртейміз бе?”-деді мектеп формасын шығарушы Лариса Люманова.

“Біздің фабрика ондай формаларды тігіп үлгере алмайды. Жаздың аяқталуына бір жарым ай ғана уақыт қалды. Осы уақыт аралығында бүкіл облысты қамтамасыз ету мүмкін емес”,-деді ата-ана Яна Плясковская.


Оқу-ағарту министрі мектеп формасы мен үш тілді білім беруге қатысты енгізілген өзгерістерді түсіндіріп берді


Қостанай облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Абылай Умаров ата-аналарға егер баласына мектеп формасын алып қойған болса немесе былтырғысы бар болса, оларды киюге болатынын ескертті.

Кәсіпкерлер, ата-аналар мен өндірушілер бұл процесті жыл ішінде біртіндеп өткізуді сұрайды. Егер ата-аналар бұрын тігіліп дайын тұрған өнімдерді сатып алмайтын боса, өндірушілерге оны лақтырудан басқа амал қалмайтынын ескертеді. Ал қазір аз қамтылған отбасыдан шыққан отбасыларға бірыңғай форма сатып алынып қойған.

Балаларымыз онсыз да аздап, әлеуметтік жағынан осал болса, енді олар ақ қарғадай болып қалады. Өйткені біз жаңа формаға көшеміз, ал біздің балалар, кешіріңіз, сізді мамыр айында мемлекет сатып алды, ол қарастырылмады, әлі де ескі форманы киіп жүрсіздер. 

Тігін фабрикасының комерциялық бөлімінің жетекшісі Жамиля Друскильдинова бұл онсызда әлеуметік жағдайына байланысты көмек берілетін балалардың одан сайын өзге оқушылардан оқушауланатынын айтады.

Сонымен қатар, өндірушілер матаның құнына байланысты жаңа пішіннің қымбат тұратынын айтады. Өйткені, логистика мен валюта бағамына қатысты мәселелер бар екені жасырын емес. Матаның бір метрі былтырғы тігілген белдемшенің бағасымен бірдей. Сондықтан фабрикалар мен тігін цехтарының басшылары оқушыларының биыл да мектеп жарғысында жазылған бұрынғы мектеп формасында жүруіне рұқсат беруді сұрайды. Ал оқу жылы басталғаннан кейін жаңа үлгі мен түс мәселесін шешсе болады деп есептейді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр