Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында мектепке барар жолда жоғалып кеткен бала табылды

Қостанай облысында мектепке бара жатқан жолда жоғалып кеткен 11 жастағы бала табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тобыл қаласында 11 жастағы Николай Кобец 21 сәуірде жоғалып кетті. Бала мектепке кеткен. Бірақ сабаққа келмепті. Ата-аналары жоғалған бала туралы полицияға 21.43-те хабарлаған.

"2021 жылы 21 сәуірде Қостанай облысы әкімдігінің білім бөлімінің Қостанай облысы білім басқармасының Тобыл қаласының 1-орта мектебі 5-сынып оқушысы 2009 жылы туылған Юрий Николаевич Кобец сабаққа келмеген. Сынып жетекшісі баланың сабаққа келмегенін отбасына хабарлаған", - деді Қостанай облысының білім басқармасында.

Бала Қостанайдағы үйлердің бірінің кіреберісіндегі орындықта ұйықтап жатқан жерінен табылды. Бұл туралы баланы көріп қалған жергілікті тұрғын полицияға мәлімдеді.

Еске салайық, Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 11 жасар Николай Кобец Тобыл қаласында жоғалып кеткен. Баланың туыстарының айтуынша, ол мектепке кеттім деп, сабаққа бармаған. Бала Школьная көшесіндегі үйден 13.30 шамасында шығып, үйіне оралмаған.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 22 Сәуір, 2021 14:27
Талқылау