AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында массаж салонының иесі кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген

Қостанай облысында кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тартқан күдікті, массаж салонының иесі ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қостанай облысында 43 жастағы массаж салонының иесі анықталды, ол алдау арқылы жұмысқа тартып, 2021 жылдың желтоқсанынан бастап биыл ақпанға дейін кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тартты. Сотқа дейінгі тергеу басталды", – деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек онлайн-брифинг барысында.

Қызылорда облысында жезөкшелікпен айналысуға қатысты тағы бір оқиға орын алды. ІІМ мәліметінше, аймақ тұрғыны бір апта бойы колледждің екінші курс оқушысын жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген.

Ол интернетте интимдік қызмет көрсету туралы хабарландырулар жариялап, кірістің жартысын өз қалтасына салып отырған. Соңғы аптада полиция жезөкшелікпен айналысуға қатысты сегіз фактіні, жезөкшелікпен айналысуға және жеңгетайлыққа арналған притондарды ұйымдастырудың немесе ұстаудың 43 фактісін анықтады. Сондай-ақ жезөкшелікпен айналысуға үй-жайлар бергені үшін 18 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, қоғамдық орындарда тиісуге қатысты 600-ден астам әкімшілік хаттама жасалды.

"Мысалы, Павлодар облысының тұрғыны ақпан айының басынан бастап жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастыруға өз пәтерін жалға берген. Аталған факті бойынша притон ұйымдастыруға қатысты қылмыстық іс қозғалып, жезөкшелікпен айналысу және жеңгетайлық ұйымдастыруға үй-жай ұсынғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды", – дедеі Тұрлыбек.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр