AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында мас жүргізушінің кесірінен 33 жылдық тәжірибесі бар дәрігер қаза тапты

Қостанай облысында Арқалық–Торғай автожолында жедел жәрдем көлігі мен жеңіл көлік соқтығысты. Салдарынан бір адам қаза болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентттігі. 

дәрігер

Жол апаты сейсенбі, 19 шілде 22.30-да болды. Дала жолымен келе жатқан Chevrolet Niva жүргізушісі маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбей, қосалқы жолдан басты жолға шыға бергенде Жангелді аудандық орталық ауруханасының санитарлық арнайы автокөлігі – УАЗ-бен соқтығысқан.

Салдарынан соңғы көлікте отырған фельдшер ажал құшты. Әйел алған жарақатынан ауруханада жан тапсырды. Санитарлық автокөліктің жүргізушісі жарақат алды.

Сараптама нәтижесінде Chevrolet Niva көлігінің 32 жастағы жүргізушісі мас болғаны анықталды.

Полиция Қылмыстық кодекстің 345-1 бабы 3-тармағы "Адам өліміне әкеп соққан, жүргізушінің мас күйде жол ережелерін бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Кінәлі адам жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Нұрсәуле Асқарова 1989 жылы Арқалық медициналық колледжін аяқтаған соң 33 жыл Жангелді аудандық ауруханасында жұмыс істеген. 

“Барлығымен жақсы-қарым қатынаста болатын. Әріптестері және науқастардың есінде өз ісінің маманы ретінде қалады. Әріптесіміздің жақындарына қайғыра көңіл айтамыз”, – делінген некрологта.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр