Қостанай облысында кузовты түсіруді ұмытып кеткен жүргізуші ерекше жол апатына ұшырады
13 қыркүйекте Қостанай облысында жүк көлігі жол тірегіне зақым келтірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жол апаты Қостанай және Федоров аудандарының шекарасында орын алды. Полиция мәліметінше жүргізуші жол жөндеу жұмыстарына асфальт түсірген соң кузовын түсіруді ұмытыпк еткен.
“Әрі қарай жүру кезінде ол жол бетіне зақым келтірген. Жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Соңғы іс жүргізу шешімін сот қабылдайды”, – делінген хабарламада.
Жүк көлігінің жүргізушісі зардап шекпеген. Келтірілген залалды өтеу мәселесі азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешілетін болады.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн