Қостанай облысында қорық өртенуде
Қостанай облысының Наурызым ауданындағы Қараменде ауылынан 10 км қашықтықта Наурызым мемлекеттік табиғи қорығының аумағында 50 га орман алқаптарында өрт болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сол қорықтың аумағындағы тағы бір өрт ошағы Шолақсай ауылынан 15 км қашықтықта табылды. Мұнда көлдің ішіндегі құрғақ қамыс 10 га өрісте жанып жатыр.
Үшінші ошақ Карамойша бөлімшесінен 20 км қашықтықта табылды. Қорық аумағында құрғақ шөптер мен орман алқаптары өртеніп жатыр.
Өртті сөндіруге Наурызым табиғи қорығының, "Казавиолесохранның", Қостанай облысы ТЖД, ерікті өртке қарсы құралымдардың күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Тартылған күштер мен құралдардың жалпы саны 86 адам және 32 техника. ТЖМ дағдарыстық жағдайларды басқару орталығында жедел штаб және облыстық жедел штаб жұмыс істейді.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ