Қостанай облысында көбік кешінде тоқ соққан қыз ауруханада жан тапсырды
Қостанай облысындағы көбік кеші кезінде тоқ соққан қыз 12 қыркүйекте көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан скриншот
25 тамызда Ұзынкөл ауылында Жастар күніне орай ұйымдастырылған көбік кешінде 9 жасар қызды тоқ соққан еді.
Қыздың өлімі жайлы ақпаратты облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Ержанов растады.
Аталған көбік кешін жергілікті әкімдік ұйымдастырған екен. Қайғылы жағдайдан кейін аудан әкімінің орынбасары қызметінен босатылды.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ