Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында қатаң карантин шаралары ұзартылды

29 қараша, жексенбіде Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Владимир Нечитайло аймақтағы қатаң карантиндік шараларды тағы бір аптаға - 7 желтоқсанға дейін ұзартқан жаңа жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

блок

"Бұл қаулы 2020 жылғы 9 қарашада сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді және 2020 жылдың 7 желтоқсанында 00:00-ге дейін қолданылады", - делінген құжат мәтінінде.

Толық қаулы Қостанай облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында жарияланған.

Бұған дейін Қостанай облысының бас санитарлық дәрігері аймақтағы шектеулерді 30 қарашаға дейін ұзартқан болатын.

Құжатқа сәйкес, облыста такси 22.00-ден 06.00-ге дейін жүре алмайды. Жүргізушілер мен жолаушылар маска тағуы керек.

Фуд-корттардың, банкет залдарының, аквапарктердің, термопарктердің қызметіне де тыйым салынады.



Діни нысандардың (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар), мәдени нысандардың (жеке, топтық дайындық), кітапханалардың, мұражайлардың, театрлардың қызметі тоқтатылды.

Қалааралық жолаушылар қоғамдық көлігінің (автобустар, шағын автобустар, такси) жүруіне тыйым салынады.

Азық-түлік дүкендерінің, оның ішінде минимаркеттердің, супермаркеттердің, гипермаркеттердің қызметіне сағат 08.00-ден 21.00-ге дейін ғана рұқсат етіледі, ал дәріханалардың жұмысы қалыпты режимде жалғасатын болады.

Талқылау