Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында карантин қатаңдатылды

Қостанай облысының бас санитар дәрігері Владимир Нечитайло 11 қарашада күшіне енген тағы бір қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

карантин

Құжатқа сәйкес, қазір аймақта такси 22.00-ден 06.00-ге дейін жүре алмайды. Жүргізушілер мен жолаушылар міндетті түрде бетперде тағуы керек.

Косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсететін шаштараздар, спа-орталықтар, сұлулық салондары, орталықтар мен салондардың, маникюр және педикюр қызметтерінің, массаж салондарының, солярийлердің қызметіне тек алдын ала жазылу бойынша, бір келушіге төрт шаршы метр есебімен, жұмыс режимін 08.00-ден 19.00-ге дейін шектей отырып рұқсат етіледі. Жексенбі күндері жоғарыда аталған қызметтердің барлық салалары өз жұмыстарын тоқтата тұруы керек.

Азық-түлік дүкендерінің, соның ішінде шағын маркеттердің, супермаркеттердің, гипермаркеттердің қызметіне енді тек 08.00-ден 21.00-ге дейін рұқсат етіледі, ал дәріханалардың жұмысы шектеусіз.

Сондай-ақ, алгоритмді сақтай отырып, қашықтық форматта өткізу мүмкіндігінің болмауы дәлелденген жағдайда ғана отырыстарды, кездесулерді күндізгі режимде өткізуге рұқсат етіледі.

Облыстың бас санитар дәрігері 65 жастан асқан адамдарға және халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарына  қажетті тауарларды, азық-түлік пен дәрі-дәрмектерді жеткізумен айналысатын еріктілер жұмысын жандандыруға шешім қабылдады.

Сонымен қатар, полиция департаменті жұмысын жалғастырып, қамтамасыз етуі керек:

  • тұрғын үй секторын, базарларды, сауда объектілерін, саябақтарды, скверлерді, аулаішілік балалар ойын алаңдары мен спорт алаңдарын, қоғамдық көлікті маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау тұрғысынан патрульдеу;
  • учаскелік қызметтің отбасылық, ұжымдық және өзге де бұқаралық іс-шараларды (үйлену тойлары, еске алу және басқалар) анықтауға назар аудара отырып, баянаттар мен материалдарды ресімдеп, кейіннен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органдарға беру;
  • үй карантиніндегі адамдарды бақылау;
  • карантиндеу орындарын күзету;
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы қаулымен белгіленген шектеулер мен талаптар режимін бұзатын адамдарға шаралар қабылдау.
Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр