Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында ер адам 12 мың теңге үшін зейнеткерді пышақтап өлтірген

Қылмыс 2019 жылы Қостанай облысының Денисовка ауылында болған.Кеше қылмыскер мен оның сыбайласына үкім шығарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Пышақ

Alau.kz ақпарат бойынша, өткен жылдың 19 қазанында кешкісін Кенжеболат Құдайбергенов ауылындағы 62 жастағы әйелдің үйіне барған. Зейнеткерден ақша мен спирттік ішімдік сұраған, алайда әйел ешнәрсе бермеген. Осыдан кейін қаскөй оған көптеген пышақ соққысын жасаған. Әйел оқиға орнында көз жұмды, ал қаскүнем үйден 12 мың теңге мен 7 бөтелке арақ алып кеткен.

Ер адам қылмыс жасаған кезде мас болған, көшеде оны бөтелкелесі Самат Ақдәулетов күтіп отырған. Ол қылмыс жасалғанын білсе де полицияға хабарламаған.

Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының қылмыстық істер жөніндегі арнайы соты шешімі бойынша Құдайбергенов кінәлі деп танылды. Қылмыс кезінде ол мас болған, оған қоса басқа қылмыс үшін бұрын өтелмеген мерзім саналған, осының бәрі оның кінәсін ауырлататын мән-жайлар деп танылған. Құдайбергеновке төтенше қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 22 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 

Ал, қылмыс туралы хабарламаған Ақдәулетов 4 жылға қатаң режимдегі түрмеге қамалды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр