Қостанай облысында екі жұмысшының өліміне кінәлі құрылыс компаниясының басшысы сотталды
Қостанай облысында екі жұмысшының өліміне себепкер болған құрылыс компаниясының директоры сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Соттың мәліметінше, қайғылы оқиға Қарабалық ауылындағы хоккей кортының құрылысы кезінде болған. 2024 жылдың шілде айында жауапкер өзінің қарамағындағы жұмысшылар Н және К-ға тәжірибелі маманның қадағалауынсыз өз бетінше құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат берген.
Жұмысшылар техникалық жағдайы тексерілмеген “HPLift 15T” маркалы телескопиялық тіркеме көтергішті пайдаланған.
-
"Майқайың-Алтын" кенішінде жұмысшы жүк көлігінің астына түсіп, қаза тапты
-
Конвейер сүзгісі тартып кеткен: Алматы облысындағы кәсіпорында жұмысшы әйел қаза тапты
"Бұзушылықтардың салдарынан Н және К жерден 10-11 метр биіктікте орналасқан көтергіш платформасынан құлаған. Олар алған дене жарақаттарынан көз жұмды", – делінген сот хабарламасында.
Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған қылмысына өкінетіні жеткізген. Ал жәбірленуші тарап сотталушыны бас бостандығынан айырмауды сұрады.
Сот сотталушыны 3 жыл мерзімге сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, төрт жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды.
Еске салсақ, бұған дейін Қостанай облысындағы Соколов-Сарыбай кен орнында жұмысшы қаза тапқаны туралы жазған едік.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды