AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында екі жасар бүлдіршін тереңдігі 3,5 метр құдыққа құлап кетті

Қостанай облысында әлі екі жасқа толмаған бүлдіршін су құдығына құлап кеткен. Бала жер бетінен 3,5 метр тереңдікте болған. Баланың ол жерде қалай жалғыз жүргені анықталып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Костанайские новости" сайтына сілтеме жасап.

Кешкі алты жарым шамасында құтқарушыларға Садчиковка ауылында баланың су құдығына құлап кеткені туралы хабарлама келіп түседі. Жағдайды бағалағаннан кейін, Солтүстік аэромобильді отрядының құтқарушылары құдыққа параллель күрекпен шұңқыр қазуды бастайды. Сонымен қатар олар ілмек жасап, қармақтың көмегімен баланың көрінетін қолына түйінді бекітіп, одан әрі құлап кетпес үшін жағдай жасаған.

"Баланың орналасқан жерінен төмен тереңдікте шұңқыр қазып, олар арқан байланған шелегімен топырақты сыртқа шығарып, баланың өзіне қарай тікелей қазуды бастаған. Олар балаға жетіп, құтқарушылар оны босатуға кедергі келтіретін қуыстан қазып алып, жердің бетіне алып шықты", – дейді Солтүстік РАОСО бастығының орынбасары Сергей Шмидт.

Баланың бұл жерде қалай жалғыз қалып қойғаны әлі белгісіз.  

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр