Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында бір уақытта 27 студент қызылша ауруын жұқтырды

Қостанай облысындағы Арқалық қаласында бір уақытта 27 студент қызылшамен ауырып, ауруханаға түскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

больница

Бұл жағдайды облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі растап отыр. Қазірдің өзінде Арқалық қаласында қызылшаның 29 жағдайы тіркелді дейді дәрігерлер. Олардың 27-і – Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері.

«Барлық науқас Арқалық өңірлік ауруханасының инфекциялық бөлімінде жатыр. Науқастарды оқшаулау және емдеу үшін жағдай жасалған. Ауыр науқастар жоқ, 12 науқас ауруханадан шығарылды. Қызылшаға қарсы қосымша иммундау кампаниясы үнемі жүреді. Қостанай облысында қызылшамен ауырған науқас соңғы рет 2019 жылдың шілде айында тіркелді», - деді департменттің баспасөз хатшысы Сәуле Манасқызы.

Қостанай облысының басқа аудандарында қызылша тіркелмеген. Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің және Арқалық қалалық басқармасының мамандары эпидемияға қарсы іс-шаралар ұйымдастырып жатыр. Осыған байланысты Арқалық қаласында 698 тұрғынға екпе жасалыпты. 


 

Талқылау