Қостанай облысында балалар мен олардың атасы улы газға уланып қаза болды
Қостанай облысындағы Тастин ауылдық округіне қарасты Қарынсалды ауылында үш бала және олардың атасы көмірқышқыл газына уланып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Қайғылы оқиға 17 қарашада болған. Екі, үш және сегіз жастағы үш бала, сондай-ақ олардың 67 жастағы атасы қаза тапты.
Отбасының әкесі, анасы және олардың төрт жасар ұлы Арқалық қаласындағы ауруханаға жеткізілді.
Отбасы аз қамтылған, әлеуметтік жағынан осал топқа жатады. Үйдің отағасы жергілікті мектепте өрт сөндіруші болып жұмыс істейді.
Еске салсақ, бұған дейін Астанада тұрғын үй өртеніп, төрт бала қаза тапқаны айтылды.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"