Қостанай облысында асфальт-бетон зауытының аумағында битум жанып жатыр
Қостанай облысының Федоровка ауылында бұрынғы асфальт-бетон зауытының аумағында битум жанып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"27 сәуір күні сағат 15:36-да "101" пультіне Федоров ауданының Федоровка ауылындағы Жеңіс көшесі бойында, бұрынғы асфальт-бетон зауытының аумағында битум жанып жатқаны туралы хабарлама түсті.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің ауданы 800 шаршы метрді құрайды. Жалын 2 гектар аумақтағы құрғақ шөпке тез тарады", - деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.
Қалың түтін салдарынан өрт сөндіру жұмыстары қиынға соғып жатыр.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”