Қостанай облысында агроөнеркәсіп кешеніне арналған субсидиялар ұрланған
Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай облысы бойынша департаменті агроөнеркәсіп кешеніндегі субсидияларды ұрлау фактісін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Агенттік мәліметіне сәйкес, "Шығыс Запад" ЖШС директоры Нетесов А.А., сонымен қатар Әнуарбеков Ж.А. және Асанов Д.М., 2018-2019 жылдар аралығында мемлекеттік бағдарлама аясында облыстағы шаруа қожалықтарының басшыларын алдап, 161 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған.
“Мемлекеттің агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне инвестициялық субсидия ретінде бөлген ақшасы келесі схема бойынша ұрлық нысанасына айналды: тұлғалар фермерлермен өздері хабарласып, олардың атынан өтініштер мен қаржылық құжаттарды толтырған, оларда жайылымдық суару үшін жеткізілген техниканың бағасы екі есеге көтеріліп, айырмасы ұрланған”, – делінген хабарламада.
Сот бұл іс бойынша барлық айыпталушыларды құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 5 және 6 жылға бас бостандығынан айырды және сот залында қамауға алынды.