Қостанай облысында отқа төзімді 7 мың тоннадан астам саз балшық заңсыз өндіріліп, сатылған
Фото: Видео скрин
Қаржы мониторингі Қостанай облысы бойынша департаменті "ОГНЕУПОРСНАБ" ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты аса ірі көлемде техногендік минералдық түзілімдерді жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қаржылық мониторинг агенттігі А.С.Нургазинді қолдауға бағытталған әлеуметтік желілердегі ақпаратты заңсыз әрекетті ақтау деп бағалайды
Бір жыл бойы компания Арқалық кен орнынан 7 мың тоннадан астам отқа төзімді саз балшықты заңсыз өндіріп, сатқан.
Айта кету керек, техногендік минералдық түзілімдерді өз бетінше өндіру мен жымқыру бұл жәй азаматтық-құқықтық дау емес, бұл Қазақстан халқының меншігі болып табылатын табиғи ресурстарды ұрлауға, сондай-ақ мемлекеттің экономикалық және экологиялық мүдделеріне зиян келтіруге әкелетін қылмыстық әрекет.
ЖШС директоры адвокаттың қатысуымен жауап алынды, оның құқықтары толық сақталған, қандай да бір мәжбүрлеу шаралары қолданылған жоқ.
Тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жариялауға жатпайды. Агенттік қоғамдық кеңістікте шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат тарату ресми тергеуге кедергі келтіру болып табылатынын еске салады.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда бес кәсіпорын заңсыз алтын өндірумен айналысқанын жазған едік. Абай, Жетісу, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарында бес кәсіпорын алтын құрамды кенді заңсыз өндіріп, өңдеген. Тінту кезінде 6 700 тоннадан астам кен, 300 тонна пульпа, 120 тонна селитра, жарылғыш заттар мен 45 техника тәркіленді. Полиция 62 адамды ұстады, бес қылмыстық іс қозғалды. Мемлекетке ірі көлемде залал келген.

Желіде тілі шықпаған баланы қой ішегімен қылқындырғандардың видеосы тарады: Логопед-дефектолог ырымның үлкен қаупін айтты
