Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысына коронавирус қалай келді?

Қостанай облысында тіркелген алғашқы науқастың жайы белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

1991 жылы туған азаматша 23 наурыз күні «Шарм-эль-шейх-Алматы» рейсімен ұшып келген.

Оны және Қостанай облысының тағы 4 азаматын алғашқы тексеру вирус анықтаған жоқ. Осылайша олар Отар стансасынан поезға отырып, үйлеріне бағыт алған.

Алматы қаласы мамандарынан ақпарат түскен соң, Қостанай облысының жауапты органдары алгоритмге сәйкес шара қабылдады.

Аталған тұлғалар және олармен байланыста болған барлық жолаушылар мен жолсерік, барлығы 12 адам оқшауланды.

Госпитализациялау кезінде алынған талдау теріс нәтиже көрсетті.

12 күні қайтадан алынған талдау аталған азаматшада оң нәтиже, қалған адамдарда теріс нәтиже көрсетті.

Қазіргі уақытта тиісті эпидемияға қарсы шаралар қабылданып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысында коронавирус жұқтырған алғашқы адам анықталғаны айтылған еді. 

Талқылау