Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысы "қызыл аймақтан" шықты

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай қайта өзгерді: "қызыл" аймақта бір ғана өңір қалды. Коронавирусты таратпау бойынша ВАК-да "жасыл", "сары" және "қызыл" аймақтарға қандай өңірлер кіргені туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

30 желтоқсандағы мәлімет бойынша, "қызыл аймақта" тек Атырау облысы ғана қалды. Бір күн бұрын Қостанай облысы да болған, қазір облыс "сары ацмақта". Бұл аймаққа Нұр-Сұлтан, Алматы, СҚО, Павлодар, Ақмола, Қостанай облыстары кіреді.

Қалған барлық өңір "жасыл" аймақта.

Еске салайық, Қазақстанда пандемияға байланысты эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы пайда болды. Вирустың жоғары таралуына байланысты "қызыл аймақта" қатаң шектеу шаралары енгізілуде.

"Сары аймақта" қолданыстағы карантиндік шаралар сақталады және олардың сақталуын бақылау күшейтіледі.

"Жасыл аймақ" өңірдегі коронавирустың жағдайы тұрақты екенін білдіреді.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 30 Желтоқсан, 2020 10:26
Талқылау