Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Қостанай облысы әкімінің "фейк" видеосы арқылы боттар тұрғындарды заңсыз шерулерге шақырған – Кибершабуылдарды талдау және зерттеу орталығы

Фото: Қостанай облысының әкімдігі / Құмар Ақсақалов

Кибершабуылдарды талдау және зерттеу орталығы Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың қатысуымен жалған видео көрсетіп, ақпаратты тексеруге шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Әкімдердің және басқа да шенеуніктердің бейнелерімен жасалған, шындыққа сәйкес келмейтін видеороликтер анықталды. Бұл видеолар жасанды интеллект құралдарының көмегімен жасалған. Сонымен қатарт бұл фейктерді тарату үшін көптеген бот қолданылған. Сонымен қатар олар 7 және 9 мамыр күніне орай рұқсат етілмеген акцияларға ("Бессмертный полк", "Референдум" және тағы басқалары) қатысуға ақша төлейміз деп үгіттеп жатыр", – делінген хабарламада.

Қазақстандықтарға әлеуметтік желілердегі асығыс әрекеттерге бармай, ақпараттың дұрыстығын тексеру ұсынылады.


Қазақстанда анонимді Telegram-арналарға бұғатталу қаупі төніп тұр


Қазақстандықтар Украинадағы соғысқа шақырылуда: Министр Аида Балаева бұл мәселемен қалай күресіп жатқанын айтты


Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысның әкімі туралы жасанды интеллектпен жасалған жалған видеолар әлеуметтік желілерде тарады. Әкімдік бұл ақпаратты жоққа шығарып, құқық қорғау органдарына шағымданды. Азаматтарға жалған ақпаратқа сенбеуді және тек ресми дереккөздерден мәлімет алуды ескертті.

Айым Атамбаева
Сенбі, 26 Сәуір, 2025 16:22
Талқылау