Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай қаласының әкімі орынбасарының кінәсі дәлелденсе отставкаға кетеді

Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов орынбасарына қатысты жүргізіліп жатқан тергеу салдарынан отставкаға кетуі мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Кайрат Ахметов

Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әкімдіктің бірқатар лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

"Олар дүкен салу үшін жер учаскесінің мақсатын заңсыз өзгерту және сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру кезінде көрсетілген қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдаланды деген күдікке ілінді", - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаментінің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров ведомствоның баспасөз мәслихатында.

23 шілдеде Қостанай қаласы әкімінің өкімімен тергеуге алынған Қостанай қаласы әкімінің орынбасары теріс себептермен қызметінен босатылды.

"Егер оның кінәсі сотта дәлелденсе, онда 10 күнтізбелік күн ішінде қала әкімі Ахметов отставкаға кетуі тиіс", - деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілі.

Талқылау