Қостанай ауруханасында тағы да науқас дәрігерге шабуылдады

Фото: Pixabay.com
Қостанай облыстық ауруханасының қабылдау бөлмесінде науқас дәрігерге шабуылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фактті Қостанай облысының полиция департаменті растады. Олар дәрігерге шабуыл жасалғанын хабарлады: "Ұрып-соғу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Науқас пен дәрігер арасында жанжал болған екен. Екеуі де қалалық полиция бөліміне жеткізілді. Сұрақ-жауап жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Бір-бірін жақтырмаған: Теміртауда фельдшер қызды жұмыс орнында әріптесі ұрып тастады
Жетісу облысында фельдшер науқасқа атпен барған (видео)
Ауруханадағы кезекші полиция қызметкері дер кезінде араша түсіп, жанжалдың өршуіне жол бермегені атап өтілді.
Еске салсақ, бұған дейін Қостанай облыстық ауруханасында науқас дәрігерге шабуыл жасағанын жазған едік. Науқастың шабуылынан есінен танып қалған Антон Кистанов кейіннен комаға түсіп қалды. Ауыр жарақат алған дәрігер санитарлық авиациямен Астанаға жедел медициналық жәрдем орталығына жеткізілді.
Дәрігерге шабуыл жасады деген күдікпен облыстың 34 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті алдағы екі ай қамауда отырады.
Республика күнінің маңызы не, мерекені не себепті қайтарды – Саясаттанушылар жауап берді