Косметолог қыс мезгілінде теріні әдемі және сау ұстау жолдарын атады
Қыста үй ішіндегі және сырттағы температураның өзгеруіне байланысты тері солғын тартып, бозарып, құрғақ бола бастайды. Косметолог Нана Носарева алда келе жатқан суық мезгілде теріңізді әдемі және сау ұстаудың жолдарын атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Life басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: mylivinghealthyblog.com
Косметологтың айтуынша, қыста тері құрғақтықтан қабыршақтанып кетуі мүмкін. Тіпті осы кезеңде әжімдер анығырақ біліне бастайды екен. Мұндай өзгерістердің алдын алу үшін үйде күтім жасауды реттеу қажет.
"Керамид, липид және антиоксиданттарға бай крем теріні қорғауға көмектеседі. Түнде гиалурон қышқылы, балдырлар сығындысы қосылған ылғалдандыратын әсері жоғары кремді таңдаған дұрыс. Қыста алкогольді лосьон, сілтілі сабын мен ыстық су теріге зиян келтіреді", - деді маман.
Косметолог бетті пенкамен жуып, теріні рН қалыпқа келтіретін тоникпен сүртуге шақырды. Ол беттің күтіміне арналған құралдарды сыртқа шығарда кем дегенде бір сағат бұрын жағуға кеңес берді. Сонымен қатар теріні табиғи түрде ылғалдандыратын суды көбірек ішуді ұсынды.