Косметика сатудан, ондаған тапсырыс беру пункттеріне дейін: Wildberries-тегі кәсіпкер әйелдердің оқиғасы

Wildbеrries қазақстандық әйелдер үшін тек сауда алаңы емес, өз ісін құрудың нақты мүмкіндігіне айналды. Әрі сарапшылардың сөзінше, соңғы жылдары платформа арқылы кәсіп бастайтын әйелдердің де үлесі артқан. Баян мен Оксананың оқиғасы – бизнесті нөлден бастап, нәтижеге жеткендердің айқын дәлелі. Stan.kz тілшісі кәсіпкер әйелдермен тілдесіп, табысының құпиясы жайлы сұрап көрді.
Wildberries платформасында әйел кәсіпкерлердің үлесі 2022 жылы 64% болса, 2025 жылы 58%-ға жетті. Сонымен қатар әйелдер бизнесті көбіне жеке жүргізеді: олардың 75%-ы кәсіпті серіктессіз дамытады. Әйелдер көбіне киім мен жеке күтім тауарларын сатады екен. Wildberries-тегі барлық сатушылардың ішінде 13%-ы киім санатында, ал 11%-ы жеке күтім өнімдерін ұсынады.
Орталық Азияда бұл көрсеткіш 18–25% деңгейінде, яғни өсу әлеуеті зор. Ал Қазақстанда шағын және орта бизнес иелері арасындағы әйелдердің үлесі 2018 жылғы 34%-дан 2024 жылы шамамен 43%-ға дейін өсті. Маркетплейс арқылы кәсібін дөңгелетіп отырғандардың бірі – “Top Korean Beauty” бренд косметикалар дүкенінің иесі Баян Ибраимова.

Кәсіпкердің сөзінше, бұл салаға келуіне күтімге арналған сапалы косметиканы қолжетімді ету ниеті себеп болған. Ал Wildberries тек сауда платформасы емес, өмірлік мектепке айналыпты.
“Кәсіп мінездің шыңдалуына әсер етті. Косметика сату саласына үлкен махаббатпен келсем, Wildberries бұған жүйелі бизнес ретінде қарауға үйретті. Мұнда “бір көрем де, қоямын” деуге болмайды, кез келген сынаққа дайын болу маңызды. Қазір командамызда 4 адам бар. Өз ісімді басқаруға темірдей тәртіп көмектеседі. Уақыт өтіп жатыр, сондықтан ойланып отыруға мүмкіндік болмайды. Ойға алғанды бірден жүзеге асыру керек”, – дейді кәсіпкер.
Баян Ибраимова бұл салада жетістікке жету үшін өзіңді қамшылау керегін, тәртіпті естен шығармай, керек кезде мәселені бірге шешу маңызды екенін атап өтті.
“8 наурыз қарсаңында сұраныс бірнеше есе өседі. Ал клиенттеріміз негізінен сыйлық жинақтарын, сарысулар мен патчтер алады. Сондықтан осы кезеңде бар зейінді кәсіпке аударамын. Сатып алушыға тауар дер кезінде жету үшін командадағы тәртіп көмектеседі. Бізден ерлер де, әйелдер тапсырыс береді. Ерлер негізінен рейтинг пен өзгелердің бағасына қарап таңдаса, әйелдер косметиканы өздеріне алады. Құрамын зерттеп, байыппен таңдайды. Жастар трендтен қалмауға тырысады. Сол үшін сапалы тауар іздеген жандарға барлығы түсінікті болса деймін”, – деп қосты Баян Ибраимова.
Кәсіпкердің сөзінше, тауарлары ТМД аумағында сатылады. Бірақ негізгі сатып алушылар Алматы қаласынан.
“Қазақстан нарығы біз үшін ерекше, сатып алушылардың 50%-ы осында. Өз елімізде де халықаралық деңгейдегі кәсіп жүргізуге болатынын көрсету үшін бизнесті осында дамытқан тиімді. Қазақстанда кәсіпкер әйел атану мен үшін баланс пен ертеңге деген сенімділікті білдіреді. Басынан бастап, айналымды 40 миллион теңгеге жеткізуді ойласам, кеудемді мақтаныш кернейді. Қазақстанда кәсіпкер атану арқылы қаржылай көмек аламын, болашағымды қалыптастырамын, өзге қыз-келіншектерді жігерлендіремін. Менің жетістігімді көрген соң, біраз танысым Wildberries-те өз жолын бастады. Әрі Wildberries командасында да алғыстарын айтады”, – деп түйіндеді кәсіпкер әйел.
Wildberries арқылы кәсібін жүргізіп отырған әйелдердің бірі – Оксана Потеряхина. 2019 жылы осы салаға келген ол қазір 17 тапсырыс беру пунктіне иелік етеді. Тек 2025 жылы Оксананың пункттерінен 10 миллиард теңгенің тауарлары сатып алушыларға берілген. Қазір ол 40 адамды жұмыспен қамтып отыр, оның 90%-ы – әйелдер.
“2021 жылы ойлана келе, бірден 21 тапсырыс беру пунктін аштым. Қазір 17 пункт бар. Әр жылы әртүрлі қиындықпен бетпе-бет келдім. Оның ішінде жалға берушілермен арадағы түсініспеушілік, қызметкерлердің кетуі бар. Қазір командаммен мақтанамын, оларды қадірлеймін”, – дейді Оксана Потеряхина.

Кәсіпкердің сөзінше, 8 наурыз қарсаңында тапсырыстар саны тұрақты болады. Әйелдер жақындарына сыйлық алса, ерлер маркетплейстен үлкен тауарларға тапсырыс береді.
“Кәсіпте жүріп, үнемі даму керегін үйрендім. Өзгерістерді қабылдаймын, үлкейіп, кеңеюді мақсат еттім. Ал кәсіп бастағысы келетін әйелдерге айтарым: өз күштеріңізге сеніңіздер. Істеп жатқан жұмысыңа сенсең, табысқа міндетті түрде жетесің. Ал жақсы адамдар біздің айналамызда өте көп, тек оларды тани білу қажет”, – деп түйіндеді ол.
Оксана Потеряхина мұнымен тоқтап қалмай, алдағы уақытта үлкеюді жоспарлап отыр. Бұл үшін маркетплейстің қолдауы да жеткілікті деп түйіндеді.
Алматылықтарға жер сілкінісінен қорғайтын арнайы "қауіпсіздік торы" ұсынылды