AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қосымша 1,2 триллион теңге бөлінеді": Мұғалімдердің жалақысы қалай көтеріледі

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мұғалімдердің жалақысы қалай көтеріліп жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Білім беру саласының басты мәселелерінің бірі – мұғалімдердің жалақысының төмендігі. Мен 2021 жылдың қаңтарынан бастап педагогикалық қызметкерлердің жалақысын 25 пайызға көтеру туралы шешім қабылдадым. Көбейту алдағы уақытта да жалғасады. Осы мақсаттарға алдағы үш жылда қосымша 1,2 триллион теңге бөлінеді", - деді мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Қазақстан жаңа нақты ахуалда: әрекет ету уақыты" атты Жолдауында.

Мәселен, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мәдениет саласындағы арнаулы мектептер мен колледждер қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап тағы 25 пайызға өсті.

Сондай-ақ, мемлекеттік білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне мектептен тыс спорттық іс-шараларды өткізгені үшін базалық жалақының 100 пайызы мөлшерінде қосымша ақы төлеу жүйесі енгізілді.

Ал дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандандырылған мектептер мен колледждер қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға өсті.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр