Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жауын-шашын, жеңіл тұман күтіледі.": Синоптиктер еліміздегі ірі қалаларға арналған ауа райы болжамын жасады

Қазгидромет 26-28 қыркүйектегі Астана, Алматы, Шымкент қалаларына арналған ауа райы болжамын жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сурет pixabay-дан алынған

Астанада 26 қыркүйек күні көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең жеңіл тұман күтіледі. Батыстан және солтүстік-батыстан соғатын жел 3-8 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде +9+11°С, күндіз +19+21°С.

Ал 27 қыркүйек елордада көшпелі бұлтты болады. Жаңбыр жауып, солтүстік-шығыстан 7-12 м/с жел соғады деп күтуде. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +18+20°С.

28 қыркүйек – көшпелі бұлтты, жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +15+17°С.

Алматыда 26 қыркүйек күні аспанда көшпелі бұлт болады. Дегенмен жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +9+11°С, күндіз +19+21°С.

27 қыркүйек – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болмақ. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +21+23°С.

28 қыркүйек – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтілмек. Шығыстан соғатын жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +22+24°С.

Шымкентте 26 қыркүйекте аздап бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Шығыстан соғатын жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +26+28°С.

27 қыркүйек – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болмақ. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +27+29°С.

28 қыркүйек – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +24+26°С.

Талқылау