"Көшкін жүруі мүмкін": Алматыда элиталық үй тұрғындары жақын маңда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына шағымданды
Фото: Яндекс Карты
Алматыдағы Central Avenue үй кешенінің тұрғындары жақын маңда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына наразылығын білдірді. Себебі құрылыс жұмыстары үйдің тұрақтылығына әсер етеді дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Власть басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Алматыдағы Тимирязев пен Сейфуллин көшелерінің қиылысында Rams Beyond жобасының құрылысы жүріп жатыр. Ал тұрғындар оның жұмысына шағымын білдіріп отыр. Себебі дәл осы құрылыс орнында жер қаза бастаған сәтте мәселелер пайда болған. Қазба жұмыстары жүргізілген жерде жер асты сулары көтерілген.
"Алғашында шағын көл пайда болып, бір аптадан кейін екі көл, бұлақ және жаңа су құбырлары пайда болды. Соған қарамастан құрылысшылар бетон құйып, шұңқырды кеңейтіп жатыр. Көрші тұрғын үй кешенінің топырақтары шөгіп, қабырғада жарықтар ұлғайып барады. Біз көшкіннен және Central Avenue тұрғын үйлерінің екі төменгі үйінің қирауынан қорқамыз", – дейді тұрғын Ольга Князева.
Енді тұрғын үй иелері баспананы күтіп ұстауға үш түрлі төлем жасайды
16 сәуір күні тұрғындар Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасына хабарласқан. Олар тексеріс жүргізіп, құрылысқа құжат беруді сұрады. Алайда ведомство өкілдері құрылысшы компания – BR Construction Qazaqstan (бұрынғы Berton Ram) қажетті барлық қорытындыларға ие екенін, заңбұзушылықтар анықталмағанын хабарлаған. Тұрғындар бұл жауапқа қанағаттанбады. Олар құрылысты тоқтатып, рұқсаттар болса, жоюды талап етіп, президент әкімшілігіне ұжымдық хат жолдап үлгерген.
Князеваның айтуынша, әкімдікке, прокуратураға және басқа да құзырлы органдарға шағымданғанымен, әзірге реакция жоқ дейді.
"18 тамыз күні кешке учаскеден су тартылып, шұңқырдың жартысы су астында қалды, жаңбыр жауса не болады?", – дейді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда тұрғын үй ауласында баланы тоқ соққаны туралы жазған едік.

Екі қыз анасыз қалды: Атырауда ер адам әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді
