Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көшеге шығуға қорқамын": Ксения Ашығалиева күйеуін қатаң жазалауды сұрады

Ксения Ашығалиева күйеуін қатаң жазалауды сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Алматылық әнші Ксения Ашығалиева күйеуін айыптап, өзін жертөлеге кіргізіп соққыға жыққанын айтқан. Бүгінде Бауыржан Ашығалиев есімді азамат тергеу барысында қамауға алынған болатын. Полиция істі заңсыз бас бостандығынан айыру бабы бойынша қарастырып жатыр. Әншінің өзі күйеуім бұлай жасауға болмайтынын түсінгенін қалаймын дейді.

"Мен бұл адамдардың жазасын алғанын қалаймын. Адамдарға мұндай нәрсе жасауға болмайтынын түсінгенін қалаймын. Адамға, әйелге, 2 баланың анасына мұндай әрекет жасауы дұрыс емес. Көшеге шығуға қорқамын. Ол мені өлтіргісі келгенін жертөледе болған кезде сездім", - дейді Ксения Ашығалиева. 

Ксения Ашығалиева қорқынышының әлі басылмағанын жеткізген. Ол күйеуіне қатаң жаза сұрап, ауыр қылмыс ретінде қарасытыңыздар деп сұраған. Бұл жағдайға бейжай қарамаңыздар деп те өтінде әнші.

Талқылау