Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көшеге себепсіз шықпаңыздар: Ауа райының күрт нашарлауына байланысты алматылықтарға ескерту айтылды

Синоптиктер 14 мамырда Алматыда ауа райы күрт нашарлайды деп ескертті. Қалада жауын жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қатты дауыл соғады: Нұр-Сұлтан мен 4 облыста дауылды ескерту жарияланды

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 14 және 15 мамырда Алматыда нөсер жаңбыр жауады, 15 мамырда бұршақ жауады. Сонымен қатар, найзағай ойнап, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Осыған байланысты алматылықтардан ғимараттар мен үй-жайлардан орынсыз шықпауды, сондай-ақ көліктерді ағаштардың астында қалдырмауды сұрайды.

Алматының таулы аймақтарында алдағы демалыс күндері найзағай ойнап, нөсер жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, 15 мамырда екпіні 23-28 м/с болады.

Төтенше жағдайлар департаменті туристерден тауға барудан бас тартуды сұрайды. Алматылықтар үшін 112 қызметі мен БАҚ, теле және радиохабарламалардан ескертулер айтылды.

Мөлдір Төлебай
Жұма, 13 Мамыр, 2022 19:00
Талқылау