Көшеде жалаңаш жүрген азамат семейліктердің үрейін ұшырды (видео)
Семейде жалаңаш күйі көше кезіп жүрген ер азамат тұрғындарды шошытты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде жалаңаш жігіттің видеосы тарап жатыр. 12 тамызда ол Нахаловка ауылын аралап жүрген. Қазіргі уақытта 31 жастағы қала тұрғыны ұсталды.
“Ер азамат психикалық ауруға шалдыққан. Азаматтарға қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі белсенді азаматтықтары үшін алғыс айтамыз. Дер кезінде түскен ақпараттың арқасында азаматтың тарапынан да, оған қатысты да заңсыз әрекеттер жасалмаған”, – деп мәлімдеді Семей қалалық полиция басқармасының өкілдері.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн