Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қошанов депутаттардың демалысынан кейін парламент палаталарының бірлескен отырысын шақырды

ҚР мәжіліс спикері Ерлан Қошанов депутаттардың демалысынан кейін Парламент палаталарының алғашқы бірлескен отырысын шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылғы 1 қыркүйекте сағат 11-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын", – делінген бейсенбі күнгі Мәжілістің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Еске салайық, депутаттар 30 маусымда демалысқа шыққан еді.

Талқылау